«Шардара» мектеп-лицейінің тарихы
Ауданымыздағы іргелі білім ордаларының бірі қаладағы «Шардара» мектеп-лицейі. Мектептің іргетасы 1958 жылы қазіргі Абай мәдениет үйі орнында 5 палатка тігіліп, «Шардара» орыс-қазақ аралас мектебі болып ашылған, оқу ісінің меңгерушісі Асылбеков Амантур Кантемирович сол кезде мектепті басқарған. Ұжым бұл орында коп тұрақтамай, 1959 жылы мектеп «Шардара» қазақ орта мектебі болып бөлініп шықты.
1961-1967 жылдар аралығында мектепті Ағманов Егемберді басқарды.
«Шардара» орта мектебі 1967-1970 оқу жылында өз алдына бөлініп, орталық базардың маңында салынған жаңа мектеп ғимаратына кірді. Сол кезде мектеп директоры Абишев Курайыш тоғыз жылдық мектепті басқарған болатын. Алғашқы түлектер 1970-1971 оқу жылында бітіріп шықты.
1980 жылдың қаңтар айында Әл-фараби нөмерсіз көшесінде жаңа заманауи үлгідегі салынған «Шардара» қазақ орта мектебіне қоныс аударылды. Ең озық үлгідегі, жан-жақты жабдықталған, 4 корпустан тұратын, 2 қабатты, 45 кабинеті бар мектепте бір ауысымды оқу процесі басталды. 280 орындық асханасы, ауданы 12×35 м2 спорт залы, 300-ге жуық орынға кинопроектормен жабдықталған. Акт залы тәрбие мен білім беруде қызмет ете бастады.
Мектептің бастау тарихында
1968-1976 жылдары Абишев Қурайыш Абишевич
1976-1979 жылдары Шанникова Тотия Әміржанқызы
1979-2001 жылдары Тулешева Жамал Өтегенқызы
2001-2002 жылдары Шынтаев Сырлыбек Кадырович
2002-2003 жылдары Башкараев Абдисапи Жиенбаевич
2003-2009 жылдары Шамшидинова Гүлжамила Смаиловна
2009-2017 жылдары Нұрымбет Жалғас Жүнісұлы
2017-2024 жылдары Сапаров Жанат Әуелтайұлы
2024-2025 оқу жылының5- желтоқсаннан бастап Құлмаханбет Лаззат Өмірәліқызы басшылық жасап келеді. Лаззат Өмірәліқызы Республикалық кадрлық резервінен конкурссыз тағайындалды.
«Қара шаңырақ» аталған мектептен қызмет жасаған мұғалімдер мен түлектер арасынан 6 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаттары шыққан.
1979-2025 жылдар аралығында мектепті 152 оқушы алтын және күміс медалдармен, 162 оқушы үздік аттестатпен аяқтап шықты.
2013 жылы мектеп «Шардара» мектеп-лицейі статусын алды.
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Білім бөлімі және Сарыағаш гарнизонының әскери прокуратурасы арасындағы достастық және қарым-қатынастық туралы меморандумына сәйкес «Шардара» мектеп-лицейінің базасында «Бас әскери прокуратура кадеті» кадеттік сыныбы ашылды.
«Бас әскери прокуратурасының кадеті» кадеттік сыныбының Жарғысы бекітіліп, оны ҚР Бас әскери прокуроры, ҚР әділет қызметінің генерал-лейтенанты Ерғали Мирзадиновтың өзі тапсырып, кадет сыныбының лентасын қиды.
2024- жылдың желтоқсан айынын бастап қазіргі таңға дейін «Шардара» мектеп-лицейін Құлмаханбет Лаззат Өмірәліқызы басқарып келеді.
Директордың басшылығымен, бақылауында келесі орынбасарлар қызмет атқаруда.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары:
Кулиева Элмира Оңғарқызы
Асылбекова Айгулим Бақтыбайқызы.
Махимова Жамила Бекайдарқызы
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары:
Есенбаева Алия Пайысханқызы
Динасилов Сержан Көшербайұлы
Ахатова Гүлнұр Тұрымтайқызы
Ғылыми істер жөніндегі орынбасары:
Телеубергенова Күнсая Құдабайқызы
Апараттық-технология жұмысы жөніндегі орынбасар:
Алиев Мейіржан Талғатұлы
Шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары: Сретай Мұстафа Айтбайұлы
Білім контингенті және кадрлық құрам:
«Шардара» мектеп-лицейінде қазіргі таңда 1207 білім алушыға саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген 158 педагог қызметкерлер қызмет етеді. Олардың ішінде:
- 38 педагог – зерттеуші
- 29 педагог – сарапшы
- 54 педагог – модератор
- 37 педагог
«Шардара» мектеп-лицейінің директоры Лаззат Өмірәліқызының басшылығымен ұйымдастырылатын жүйелі жұмыстар білім беру сапасын арттыруға, басқару процесін ашық етуге және оқу-тәрбие үдерісін дамытуға бағытталды. 2025 жылы «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» жобасы аясында мектеп-лицейдің 31 пәндік кабинеті заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен толық жабдықталды. Нәтижесінде мектеп-лицей республикалық тірек мектептер қатарына қосылып, білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктерге ие болды.






