«В МИРЕ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ»
орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің
онкүндігінің жабылу кеші
Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, «Шардара» мектеп – лицейінде «Балалар жылы» аясында, орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқуға оқушылардың мотивациясын арттыру яғни, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, «В МИРЕ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің іс – шара жоспары бойынша «Танцевальная шкатулка» атты тақырыпта 5-8 сыныптар арасында Қазақтың халық биінен бастап, Испан биі, Кәрістің халық биі, Француздар биі, Поляк биі, Қытай биі, Сыған халық биімен әр ұлт өкілдерінің билерін билеп жоғарғы деңгейде сахналап шықты. Жалпы, би – адамның көңiл күйiне негiзделген, музыкалық ырғаққа бағынышты, түрлi қимылдар тiзбегiмен бейнеленетiн өнер. Адам баласына тән әсемдiк пен әдемiлiк, өмiрге деген көзқарас пен көңiл күй би тілімен көрiнiс табады. Тек сол «ырғақ» адамның жан дүниесiнiң көзге көрiнбейтiн тербелiстерiн айқын бiлдiредi. Ал халық билерiнiң тууына әр халықтың өзiне тән мiнез - құлқы, тұрмыс - салты, мәдениетi әсер етедi. Міне, бишілер үшін осыны есте сақтау аса маңызды деп , әдістемелік бірлестік жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибигул Дарменова әріптесіміз оқушыларымыздың би өнеріне бағасын беріп, алғыс хаттар мен сыйлықтарын табыстап, онкүндікте бесенділік танытқан оқушылар мен мұғалімдеріне мектеп – лицей әкімшілігі атынан алғысын айтып, онкүндік іс – шарада белсенді түрде қатысып ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық оқушылар мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне мектеп – лицей атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
#В_МИРЕ_РУССКОГО_ЯЗЫКА_И_ЛИТЕРАТУРЫ_#орыс_тілі_мен_әдебиеті_пәні_ бірлестігі_#онкүндіктің_жабылу_кеші_#Танцевальная_шкатулка_
#Шардара_мектеп_лицейі_
https://shardara-mektep-licey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/142-aptaly-ty-zhabyluy.html#sigFreeId694c079e01






