Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінің оқушысы 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық - эстетикалық ғылымдар салысында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашыл қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсету мақсатында өткен «Ақберен» республикадық өнер байқауының аудандық кезеңіне қатысып «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша өнер көрсеткен үшін І орын ДИПЛОММЕН 9 «В» сыныптың оқушысы Дилдабек Асылбек Айдарбекұлы марапатталып, «Ақындар айтысы» номинациялары бойынша сынға түскен жеңімпаз оқушымыз аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, шығармашылықпен танылған дарынды оқушылар арасындағы Х «Ақберген» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде «Ақындар айтысы» бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінген Шардара ауданы, «Шардара» мектеп – лицейіміздің оқушысы Ділдабек Асылбек МАҚТАУ ҚАҒАЗЫМЕН марапатталды. Халқымыздың ең асыл мұраларының бірі - айтыс өнері екендігін айта келе, мектеп – лицей директоры Сапаров Жанат Әуелтайұлы айтыс - қазақтың қанына біткен текті өнер, сондықтан қазақтың әр баласы ақын болуға тиіс демек, шығармашылықпен, поэзияға деген құштарлық, салт - дәстүрімізді, тарихымызды, шебер жеткізе білген Асылбек баламызды және байқауға дайындаған жетекшісі Исимова Алия апайымызды жеңісітерімен құттықтап, ата-аналарына, сынып жетекшісіне, білім бөлімінің жауапты мамандарына алғысын айтып, марапаттарын табыстады.
Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болсын, айтыскер ақынымызға сәттілік тілейміз!
https://shardara-mektep-licey.kz/kz/
#Лингвистика_олимпиада_
#I_аудандық_кезең_
#І_орын_
#Шардара_мектеп_лицейі_
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету мақсатында 8-11 сынып білім алушылары арасында I (аудандық) лингвистикалық олимпиадасында Сапарғалиқызы Жанерке І орынмен аудандық кезеңінің жүлдегері атанып, Екінші тур (облыстық) кезеңге жолдама алды. Лингвистикадан Республикалық іріктеу олимпиадасының 1 турының жеңімпазын мектеп – лицей директоры Сапаров Жанат Әуелтайұлы, Жанерке қызымыз бен байқауға дайындаған жетекшісі Еспенбетова Зубайра апайымызға дипломдарын табыстап, құттықтап, облыстық кезеңнен жүлделі орынмен келуіне сәттілік тіледі.
https://shardara-mektep-licey.kz/kz/
#Баспалдағы_білімнің_бастауыштан_басталған _
#Сөзді_буынға_бөл_
#Шардара_мектеп_лицейі_
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани - адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдану мақсатында қараша айының 27-жұлдызынан желтоқсан айының 9 жұлдызы аралығында бастауыш сынып әдіс бірлестігінің «Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған» атты тақырыбында онкүндіктің іс - шара жоспары бойынша бүгін, берілген дыбысқа сөз құрап, сөздерге сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын жетілдіру, буын жайлы білімдерін кеңейту мақсатында «Сөзді буынға бөл» тақырыбында 0 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айтбаева Мейрамкүл әріптесіміз жоғарғы деңгейде ашық сабақ өтті. Сабақтың барысында, «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылармен сәлімдесіп, жаңа сабақты суреттер арқылы ашып, сөздерді буынға бөлу дидактикалық ойын түрінде, балалар қолшапалақтау арқылы сөздерді буынға бөліп, осы сөздерден неше буын бар екенін анықтап, сергіту жаттығуларын жасап, дәптермен жұмыс жасады яғни, жемістерді ретімен жабыстырып, жемістер туралы тақпақтарын айтып, сабақты жеміс ағашына алмаларды жабыстырып қорытындылады.
Жалпы оқушылар сабаққа белсене қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын танытты.
Ашық сабаққа, директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Э.Кулиева, бастауыш сынып мұғалімі Шаймарданова Жанар қатысты.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» - демекші, ашық сабағымыздың жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі, бастауыш пәні мұғалімі Үсенова Тамара апайымызға, пән мұғалімі Айтбаева Мейрамкүл әріптесімізге алғысымызды айтамыз.
https://shardara-mektep-licey.kz/kz/
#Баспалдағы_білімнің_бастауыштан_басталған _
#онкүндіктің_ашылу_салтанаты_
#Шардара_мектеп_лицейі_
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани - адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдану мақсатында қараша айының 27-жұлдызынан желтоқсан айының 9 жұлдызы аралығында бастауыш сынып әдіс бірлестігінің «Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған» атты тақырыбында онкүндіктің іс - шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша бүгін, онкүндіктің ашылу салтанаты жоғарғы деңгейде өтті.
Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті бастауыш – деп, аталған білім ордасының басшысы Сапаров Жанат Әуелтайұлы оқушыларға және пән мұғалімдеріне сәттілік тілеп, жоспарланған іс - шараларға белсенді араласуға шақырды. Сонымен қатар, онкүндіктің ашылу салтанатында оқушылар, ұстаздар және ата – аналар белсене атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, ынталандыру сыйлықтарын алды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі, бастауыш пәні мұғалімі Үсенова Тамара апайымыз онкүндік барысында өткізілетін іс – шаралар арқылы балаларымыздың пәнге деген қызығушылықтары артып, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін яғни, оқушыларға шабыт сыйлайтынын, іс - шара жоспары бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар уақытылы өтетінін айтып, таныстырды.






